Петропавлдағы түнгі клубта ер адамды атып өлтірді

26.02.2023 18:08

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

polisia.kz

26 ақпан күні Петропавл полиция басқармасының 102 нөміріне облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақатынан қайтыс болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті бірнеше сараптамалар тағайындалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Күдікті Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.