Рудный балалар үйінің қызметкері 23 жылға сотталды

01.06.2022 18:10

Тергеу барысында ер адам тәрбиеленуші қызға екі жыл бойы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды

Sputnik

Бүгін Қостанай облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Рудный балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

Жәбірленуші сотталушының ДНҚ-сын жинап, зорлау фактісін дәлелдеп шықты. 1978 жылы туған ер адам қызды зорлады және зорлауға оқталды деп танылды.

Тәрбиеші 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.