Аягөз гарнизонында сарбаз қайтыс болды

14.06.2024 23:44

Қылмыстық іс-қозғалып, тексеру басталды

Almaty.tv

Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметін өтеуші қаза тапты. Қайғылы оқиға оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс-қозғалып, тексеру басталды.

- Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетіледі, - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.

Оқи отырыңыз:Алматыда полиция орталықтары ашылады