Елордада бойжеткен үшін төбелесіп, оқ атқан жігіттер ұсталды

25.01.2021 20:52

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр

inform.kz


Нұр-Сұлтанда қыз үшін атысқан жігіттерге қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Естеріңізге салайық, елордада жексенбіге қараған түні жас жігіттер бойжеткен үшін төбелесіп, бір-біріне оқ атқан. Түн ортасындағы атыс туралы алдымен қала тұрғыны фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«24 қаңтарда 102 пультіне түнгі сағат 1:09 шамасында 19 және 23 жастағы екі ер адам жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет келіп түсті. Бұрынғы таныстар арасында қыз үшін қару қолдану арқылы төбелестің болғаны анықталды. Барлық қатысушылары ұсталып, Байқоңыр ауданының полиция басқармасына  жеткізілді», – деді қалалық ПД ресми өкілі Эльмира Шәуленова.