СҚО-да аңшы орманда жидек теріп жүрген әйелді абайсызда атып өлтірді

14.07.2022 в 18:15

Қазір күдікті қамауға алынды

inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында аңшы орманда жүрген әйелді абайсызда атып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 52 жастағы азаматты аңмен шатастырып, байқамай оқ жаудырған. Кеуде тұсынан жарақат алған Алтынай Мұздақбаева ауруханаға барар жолда көз жұмған. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

«Осы қылмысты жасаған адам бүгінде анықталды. Кінәсін толығымен мойындады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 128-бабына сай ол адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.