Күдіктілер егде жастағы әйелдің бағалы заттарын алып, ізін суытқан
Түркістан облысында жергілікті тұрғынды гипноздап тақырға отырғызып кеткен өзбекстандық 2 әйел қолға түсті. Олар жәбірленушіге ең алдымен, үйін аластаймыз деп кіріп, артынан жымысқы әрекеттеріне кіріскен. Күдіктілер егде жастағы әйелдің бағалы заттарын алып, ізін суытқан.
«Күдікті 2 әйел ізін суытпақшы болып, көліктен түсе салысымен, полицейлерді көрген мезетте ен далаға қарай қашады. Бірден әрекет етіп, оларды ұстап, бөлімге жеткізді», – деді Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы Гүлнәр Әбдіжаппарова.