Астанада қарулы шабуыл жасау әрекеті тоқтатылды
Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады. Биыл Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ Астанада адамдар жаппай жиналған жерде қарулы шабуыл жасау әрекеті тоқтатылды. Бізге келіп түскен ақпарат «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем фактордың әсерінен болады» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, - деді Руслан Сейсембаев Астанада өтіп жатқан ШЫҰ отырысында.
Айта кетейік, бүгін елордада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік терроризмге қарсы құрылым РАТС кеңесінің 40-отырысы өтіп жатыр
Дереккөз: ҚазАқпарат