Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды
Алматыда Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады. Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, ұсталғандар бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады.
Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдері, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 272 бабы – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу және ҚР ҚК-нің 188 бабы – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады.