|
14.05.2021 | 13:24
7692

Алматы облысында екі әйел оқушы қызды ұрып кетті

Таяқ жеген жәбірленуші қазір ауруханада жатыр

Алматы облысында екі әйел оқушы қызды ұрып кетті baigenews.kz

Алматы облысында оқушы қызды екі әйел ұрып кетті. Таяқ жеген жәбірленуші қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Ал күдіктілерді тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған. 13 мамыр күні сағат 18:35 шамасында аялдамада екі әйел кәмелет жасына толмаған қызды ұрып, содан кейін таксиге мініп қашып кеткен. Алдын ала болжам бойынша тараптар арасында кикілжің болуы мүмкін. 

«Қазір 16 жастағы қыз Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл факті Іле ауданының полициясында тіркелді. Қазір күдіктілерді жедел іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр»,– делінген ведомствоның хабарламасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир