Алматы облысында дүкенші сатып алушыны өлтіріп тастаған

19.10.2021 18:25

Қазір аталған дерек облыстық Полиция департаментінің бақылауына өтті

Almaty.tv

Алматы облысының полиция қызметкерлері мас адамды өлтірді деген күдікпен дүкен сатушысын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.    

Оқиға Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінде болған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде аталған кенттің 54 жастағы тұрғынының жеке тұлғасы анықталған. Күдікті бастапқыда адам өлтіргенін мойындамаған.

Қазір аталған дерек облыстық Полиция департаментінің бақылауына өтті.  

«Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қарасай ауданының тұрғыны анықталып ұсталды. Ол кісі өлтіргенін мойындады. Ұсталғаннан қылмыс құралы, яғни, пышақ тәркіленіп алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.