Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Алматыдағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен азамат Ақтөбеден табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сай, сотталған Дамир Дәуітов 28 ақпанда ұсталған. Қазір қашқынға байланысты қылмыстық кодекстің 426-шы бабы, яғни бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берген жандар тәртіптік жазаға тартылған.