Жаңа туған нәрестені сатпақ болған: Таразда екі дәрігер ұсталды

25.01.2023 18:32

Бала кімге және қанша қаржыға сатылмақ болғаны белгісіз

ашық дереккөзден

Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі қызметкері жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, жаңа туған нәрестелерді сату дерегін анықтады.

"Дерек бойынша 2023 жылдың 12 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері қамауға алынды", - делінген прокуратура хабарламасында.