Күдіктілер салымшыларға айына 6-8 пайыз кіріске уәде берген
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған тағы бір топ ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша компанияның өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер салымшыларға айына 6-8 пайыз немесе жылына 70 пайыздан астам жоғары кіріске уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы 100 доллар болған. Сондай-ақ өзге салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5 пайыз көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған көрінеді.
– Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: «Қорғас» кеден бекетінде шетел валютасын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды