Заңды бұзғандарға 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Елдің Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде өткізуге шақырды. Ал науқан аяқталғаннан кейінгі тексеру барысында оқ-дәрі анықталса, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мен 80 мың теңге көлемінде айыппұл салыну қаупі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Суық қаруға қатысты қандай да бір ақпарат болса, азаматтар 102 мен 112 нөміріне хабарласа алады. Ал Алматы қаласының тұрғындары үшін +7 747 333 91 60, +7 777 346 44 77 байланыс нөмірлері жұмыс істейді.
«Ұрланған қару-жарақтар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, кері мақсатта қолданылуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған шараның маңызы зор. Оқ-дәрілер мен суық қаруды өз еркімен тапсырған азаматтардың әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын хабарлаймыз», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов.