Аталған іздестіру жұмысы қалалық криминалистикалық және әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері бірлесіп жүргізіп жатыр
Алматы полициясы ұрланған көліктерді жерасты тұрағынан іздеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған іздестіру іс-шараларын қалалық криминалистикалық және әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері бірлесіп жүргізіп жатыр. Іс-шара мақсаты іздеу жарияланған және ұрланған көліктерді, сондай-ақ жерасты тұрақтарына газбаллон орнатылған көліктердің кіру фактілерін анықтау.
Алматы қаласында “Газбаллон” атты республикалық іс-шарасы аяқталды. Шара барысында жерасты тұрақтарында газбаллон орнатылған көліктер анықталған.
– Ал бүгінде аталған шара қылмыстық ахуалға байланысты ары қарай өзгертілді. Себебі, көбінесе ұрланған немесе іздеу жарияланған көліктерді жерасты тұрақтарына жасыру үрдіске айналған. Мысалға, іс-шара барысының алғашқы тәулігінде іздеуде жүрген екі көлік әшкереленді. Сонымен қатар газ баллоны орнатылған көліктерін жерасты тұрақтарына қойған 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығы Асхат Күлбаев.
Сондай-ақ ол аталған рейдттік шаралар өткізу үшін арнайы мобильді топ құрылғанын жеткізді.