Алматы облысында бұзақылар бес адамды себепсіз соққыға жыққан

15.06.2022 18:38

«Бұзақылық» бабы бойынша тергеу басталды

Бейнебақылау камерасы

Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылында бұзақылар бес адамды себепсіз соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай тәртіпсіздіктердің бірі түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желіде кең тарап кеткен еді. Облыстық полиция департаменті әзірге бұзақылардың тек екеуі ұсталып, қалғандарына іздеу жарияланғанын хабарлады.

«Дерекке қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу басталды. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші бес жергілікті тұрғын бар, олардың екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері видеоны тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр», - деді Облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.