Іле ауданының тұрғыны антисанитариялық жағдайда ішімдік өнімдерін заңсыз дайындаған
Алматы облысында қолдан ішімдік жасап сатқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараcын жүргізу барысында суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехтың жұмысын тоқтатқан. Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда ішімдік өнімдерін заңсыз дайындаған.
«Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.