Семейде заманауи құрылғы көмегімен алаяқтық жасаған шетелдік ұсталды

29.08.2024 18:39

Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен адамдар анықталуда

polisia.kz

Абай облысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семейдегі жалдамалы пәтерде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын ұялы байланыс желілеріне қосқан шетелдік адамды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл құрылғы ҚР азаматтарына қоңырау шалу бойынша алаяқтық схемаларда, яғни, банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде хабарласу үшін пайдаланылған», - деп хабарлады ПД.

Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламалар жасау, пайдалану, тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен адамдар анықталуда.

Оқи отырыңыз: Теміртауда полиция қызметкерлерін ұрған 3 тұрғын сотталды