Жыл басынан бері елімізде 800-ге жуық заңсыз ойынхана анықталды
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құмар ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке іліккен. Бұл туралы еліміздің қаржы комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу 6 қарашада басталған. Күдіктілер заңсыз кәсібін Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды қалаларында дөңгелеткен. Комитет істің мән-жайы туралы ақпарат әзірге жария етілмейді деп мәлімдеді.
Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 800-ге жуық заңсыз ойынхана анықталып, 22 жасырын казиноның жұмысы тоқтатылған.