Іздеуде жүрген: Түркістан облысында күдікті қолға түсті

05.12.2023 18:41

Полицияның хабарлауынша, ұсталған азамат – Жамбыл өңірінің тумасы

Almaty.tv

Түркістан облысында 40-тан астам қылмысқа қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицияның хабарлауынша, ұсталған азамат – Жамбыл өңірінің тумасы. Тұрақты жұмысы жоқ. Ол басқалардың әлеуметтік желідегі парақшасын бұзып, солардың атынан адамдардан ақша сұраумен айналысқан. Көбіне зардап шеккендердің жақын таныстарына байланысқа шығып отырған көрінеді. Алаяқтықтың құрбаны болғандардың бірі арызданған соң тәртіп сақшылары жедел әрекетке кіріскен. Күдіктіні пәтерде отырған жерінен ұстаған. Анықтап келгенде, ол азаматтың Астананың сотымен осындай 42 қылмыстық іс бойынша іздеуде жүргені анықталды.

– Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Ол жәбірленушілерге 2 миллион теңгеге жуық шығын келтірген, – деді Полиция департаменті cyberpol арнайы тобының жедел уәкілі Әнуарбек Жантілеу.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында судьялар күдікке ілінді