Олар жылу және электр желілерін жөндеуге бөлінген қаржыны пайдасына жұмсаған көрінеді
Шымкентте кәсіпорын басшылары 1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар жылу және электр желілерін жөндеуге бөлінген қаржыны өз пайдасына жұмсаған көрінеді. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан қомақты ақшаға Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен жылжымайтын мүлік сатып алған. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, күдіктілер аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қамауға алынды.
– Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзғандарға айыппұл көлемі көбейеді