Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті ауруханадан шықты

29.03.2021 18:47

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды

иллюстрированное фото/Турар Казангапов

Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын таңдағандықтан, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде қамауға алу орнына ауыстырды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. 

Еске салайық, Алматылық Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін қалалық полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталды. Күдікті ретінде 28 жастағы Түркістан облысының тұрғыны ұсталған еді.