|
14.03.2023 | 13:48
310

Алматыда 8 есірткі сатушы ұсталды

Олар тәртіп сақшыларының қолына түскенде ғана кінәсін мойындаған

Алматыда 8 есірткі сатушы ұсталды polisia.kz

Алматыда бір апта ішінде 8 есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта олар еліртетін затты саудалаумен айналысқандардың жолын кесуге мықтап кіріскен. Есірткі сатқандардың басым бөлігі тәртіп сақшыларының қолына түскенде ғана кінәларын мойындайтын көрінеді. Мәселен, 18 жастағы азаматтан 1 келі 400 граммнан асатын синтетикалық зат тәркіленіпті.

«Полиция қызметкерлері мені меф есірткісін қойып жатқанымда ұстады. Қазір жағдайым өте нашар: жеңіл ақшаның соңынан кеттім. Жастарға есірткі сатумен айналыспауларын сұраймын, әйтпесе бүкіл өмірің құртатынын ескертемін», – деді А. есімді азамат.

«Мен «пакетті алып барасың, сосын ақша жібереді» деген нұсқау алдым. Мен мұны аптасына 2 рет жасадым. Үшінші ретте мені полиция тоқтатты», – деді С. есімді азамат.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир