Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды

04.05.2023 18:48

Сот үкімді бүгін оқыды

abai.kz

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімді бүгін оқыды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін прокурор оны мүлкін тәркілемей 8 жылға қамауды сұраған болатын. Алайда сот Сатыбалдыны кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға темір торға қамау шешімін шығарды.  Ал жәбірленушілер 12 миллиард теңгеге жуық ақшаны қайтаруды талап етті. Олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен Айгүл Мекешева да бар. Гүлмира Сатыбалды Алагөзовке моральдық зиянды өтеу үшін 1 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, кәсіпкер Сатыбалдыдан 6 жарым миллиард теңге өндіріп алды.