Бақытгүл Хаменова сотта күтпеген мәлімдеме жасады

11.08.2022 18:49

Іс Атырау қалалық №2 сотында өтті

ATPress.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталды. Іс Атырау қалалық №2 сотында өтуде деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ірі мөлшерде пара алды» деген айыппен істі болып жатқан Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы Бақытгүл Хаменова сот барысында айтты. Ал Атырау облысы Мәдениет сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев «мен таза делдалдық қызмет атқардым» деп мәлімдеді.

«Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов пара бергенін мойындады.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Аса ірі мөлшерде пара алу) 2-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын еске салайық.