Алматыда көліктің нөмірін ұрлап, өтемақы талап еткен күдікті ұсталды

15.04.2022 19:26

26 жастағы азамат Қарағанды облысынан келген

Almaty.tv

Алматыда көліктің нөмірін ұрлап, артынан өтемақы талап еткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

26 жастағы азамат қалаға осыдан 7 күн бұрын Қарағанды облысынан келіп, қылмыстық жолмен күн көруді ойлаған. Ол тұрғын үй аулаларында бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, автомобильдің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге сатып алу туралы ұсыныспен хат қалдырып отырған. Полиция оның осыған дейін 7 рет ұрлық жасағанын және 2 мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.