Барымташылар 11 бас қойды айдап әкетіп, белгісіз жерде бой тасалаған
Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан үш адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Барымташылар 11 бас қойды айдап әкетіп, белгісіз жерде бой тасалаған. Бірақ ұрылар алысқа ұзай алмапты. 71 жастағы ауыл тұрғыны тез арада тәртіп сақшыларына хабар беріп, тонаушылар бірден қолға түскен. Күдіктілер кінәсін мойындады.
Олардың ауыл тұрғынына келтірген шығыны 750 мың теңгеге бағаланған.
«Қазір полицейлер олардың осы сияқты басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Күдіктілер ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі бойынша Шелек ауылдық округінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Еңбекшіқазақ АПБ Шелек полиция бөлімі бастығының орынбасары Ермек Жәмеңкеев.