Қарағанды облысында 192 келі есірткі тәркіленді

15.06.2022 18:56

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

жедел түсірілім

Қарағанды облысында 192 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Заңсыз тауар айналымына қатысы бар 3 азамат Жамбыл облысының тұрғыны болып шыққан. Олар өңірде ірі көлемде есірткі тасымалын ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Аталғандардан бөлек, күні кеше Алматы мен Таразда да осы қылмыстық топтың 3 адамы ұсталған еді.

«Ұсталғандардан 6 миллион 435 мың теңге ақша, 8 қапқа салынған өсімдік тектес зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес оның 198 килограмм кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.