Алматыда есірткі тасып жүргендер ұсталды

11.02.2022 18:57

Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады

Almaty.tv

Алматының Сайран шағынауданында бейуақытта көше кезген тұрғындардан есірткі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-қимылдары күмән тудырған 2 адам тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, тексере келе, олардың есірткі тасып жүргенін анықталды.   

Белгілі болғандай, күдіктілердің өздері де есірткіні қолданып көрген екен. Содан нашақорлыққа салынған болса керек. Ұсталған әйел тыйым салынған затты интернет арқылы алып отырғанын айтты. Осылайша, ақша да тапқысы келген.

Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. Ал бұл істің артында тұрған интернет каналды полиция департаменті тергеу барысында анықтайтынын айтты.