Үлескерлерді алдап келген: ШҚО-да құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

14.09.2023 18:59

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр

Almaty.tv

ШҚО-да ЖШС басшылығы үлескерлердің қаражатын заңсыз жинап келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарына сай, компания өкілдері адамдарды пәтер алу үшін алдын ала төлем жасау керек деп 2 жыл бойы алдаған. Сол уақыт аралығында күдіктілер үлескерлерден 600 миллион теңгеден астам қаражат алып үлгеріпті. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

– Қазір қосымша келісімдер жасау арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарты тоқтатылды. Құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды. Серіктестіктің құрылыс монтаж жұмысын жүргізуге арналған лицензия күшін жойды. Жетекшісі соттың санкциясымен қамауға алынды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: KazHackStan Turan 2023: елімізде киберқылмыспен қалай күресуде