Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған
Қаржы мониторингі агенттігі елімізде қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деп күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың саны 57 екен. Қазір 26 қаржы пирамидасы қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал алтауы ісі сотта қаралуда. 25 қаржы пирамидасына сот үкімі шығып қойған. Агенттік өкілдері биыл осында 22 ұйымды анықтапты. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған.
– Алдын алу жұмысының нәтижесінде әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгі бар контентке жазылудан бас тартты. Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар жоғын тексеру үшін қаржылық агенттігінің телеграм ботын пайдалана алады, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.