Қызылордада бөлім басшысы мен есепші 543 миллион теңге жымқырған

18.04.2023 19:10

Сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүріп жатыр

ktk.kz

Қызылордада аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшісі қамауға алынды. Олар 543 миллион теңге ұрлады деп күдікке ілінген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарына сай, олар білім беру қызметкерлеріне жатпайтын тұлғалардың шотына еңбекақы түрінде ақша аударып отырыпты. Сөйтіп, 543 миллион теңге бюджет қаражаты қолды болған.

«Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сондай-ақ ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша кінәлі емес деп есептеледі», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.