Риддер жылу электр орталығының бұрынғы иелері қарызын қайтарды

26.10.2023 19:10

Оларға қатысты тергеу ісі жүргізіліп жатыр

Almaty.tv

Риддер жылу электр орталығының бұрынғы иелері мемлекетке 5,5 миллиард теңге төледі. Оның ішінде жалақы мен салық міндеттемесі бойынша қарыздар да бар. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, осылайша жылу энергиясын өндіру стансасы қарызсыз мемлекет меншігіне  қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Риддер жылу электр орталығының бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмысына арналған қаражатты ұрлап, нәтижесінде қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Станса бір емес, бірнеше рет істен шыққан болатын.

– Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 млрд теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Алаяқтық жасады деп күдікке ілінген азамат Швециядан елге жеткізілді