Қос ұлы сотталды: Жигули Дайрабаев мандатын тапсыра ма?

07.04.2023 21:12

Олар мемлекетке жарты миллиард теңгеден астам залал келтірген

Фото:t.me/mazhilis_kz

Мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың қос ұлы сотталды. Тараз қаласының №2 соты алаяқтық бойынша айыпталған 4 адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Кінәлілер қатарында  «Ауыл» партиясынан сайланған депутат Дайрабаевтың балалары да бар. Олар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасарымен бірлесіп, субсидиялау тәртібін бұзған. Қос кәсіпкер «Альбион» құлпынай көшеттерін сатып алып, оларды шаруа қожалықтарына рәсімдеген. Берілген қаражаттың бір бөлігін алаяқтық жолмен ұрлап, қалтасына басқан. Осылайша, мемлекетке жарты миллиард теңгеден астам залал келтірген. Ұлдарының сотты болғанына қарамастан  Дайрабаев депутаттықтан шеттетілмейді екен. «Ауыл» партиясы фракциясының өкілі оның мандатын тапсырмайтынын мәлімдеді.

«Біріншіден, депутаттың мінсіз беделі туралы бізде заң да, норма да жоқ. Екіншіден, Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығын, өндірісті жақсы біледі. Сондықтан да ол кісі фракцияға қажет»,– деді  «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев.