Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды
Шымкентте қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қалалық департаменті «Свой дом» заңсыз ұйымын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сот үкімі бойынша екі адам кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40 пайыз пайда алуға уәде берген. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды. Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Атырауда қаржы пирамидасын құрғандар сотталды