БҚО-да полицей 15 млн теңгенің малын ұрлады деген күдікпен ұсталды

28.10.2021 19:17

Қазір тәртіп сақшысының сыбайластарының кім екені анықталып жатыр

Фото: egemen.kz

Батыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы 15 миллион теңгенің малын ұрлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.    

Қазір полиция қызметкерінің қанша малды қолды қылғаны және оның сыбайластарының кім екені анықталып жатыр. Әзірге 10 шақты адамнан 50 ірі қараның ұрланғаны туралы арыз түскен. Олардың барлығы – күдіктінің ауылдастары.  

«Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.