Қазір дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр
Нұр-Сұлтанда сыра сату кәсібін жамылып есірткі саудасымен айналысып келген дәмхана әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 1 келіден асатын гашиш анықтады. Одан бөлек күдікті ретінде мекеме әкімшісі ұсталып, өз кінәсін толық мойындады. Ол уақытша ұстау қапасына қамалды.
Қазір дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция дерегінше, есірткі саудасымен айналысқан өзге де күдіктілер іздестіріліп жатыр.