Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Операцияны тамызда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті мен прокуратура органдары жүргізген.
Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Шамамен 4 келі "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жүк көліктерінен 8 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды