Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысының жаза мерзімі ұзаруы мүмкін

05.04.2024 21:09

Ол атқарылмаған жұмысқа 75 миллион теңге аударып жіберген

Almaty.tv

Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы атқарылмаған жұмысқа 75 миллион теңге аударып жіберген. Құжаттамасы әзірленбеген 4 сметалық жоба үшін бюджет қаржысын мердігерге еш негізсіз өтеген ол кәсіпкермен келісіп, соманы бөліп алған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Негізі бұл қаражатқа шаһардағы 100 ауланы абаттандыру, «Тектұрмас» тұрғын үй алқабына су тарту сынды жұмыстар жобалануы тиіс. Сонымен қоса бірнеше каналдың жағалауын жөндеу жобасы әзірленбеген. Сметасы жасалмаған құжаттар қатарында жерасты суларының дренажды каналын жөндеу де бар. Қазір мердігер компанияның директоры тергеуде. Ал бөлім басшысы былтыр бюджеттен 150 млн теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған. Оның жаза мерзімі ұзаруы мүмкін.

– Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді қалалық Прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Мақсат Жетігенов.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында тағы бір бөгет бұзылды