|
12.05.2021 | 14:20
6063

CҚО-да ер адам әйелін атып, немересін ауыр жарақаттаған

Оқиға 10 мамырда кешкі сағат 17.00 шамасында болған

CҚО-да ер адам әйелін атып, немересін ауыр жарақаттаған inform.kz

Солтүстік Қазақстанда ер адам әйелін атып, немересін ауыр жарақаттаған. Келіншегі бірден сол жерде мерт болса, 14 жастағы қыз бала дереу Тимирязев аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Оқиға 10 мамырда кешкі сағат 17.00 шамасында болған. Аудандық полиция бөліміне тұрғын үйдердің бірінен оқ атылғаны туралы хабарлама түскен. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, сол күні 59 жастағы үй иесі алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде әйелімен жанжалдасқан.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде үйдің ауласынан 1962 жылы туған әйелдің денесін тапты. Әйел адам оқиға орнында бірден көз жұмған. Үйде бірге болған немересі де оқ жарақатын алған. Аталған қылмыс «Адам өлтіру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Еңбек Сембин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир