Ақтөбе облысында қоқыстан шақалақтың денесі табылды

24.10.2022 в 19:21

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды

Шақалақтың денесі 23 қазанда Ақтөбе облысы Бадамша ауылы маңындағы қоқыс полигонындағы қара полиэтилен пакеттен шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

23 қазанда Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы "Рождество - Дөң" тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы -"Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі