Шенеуніктер казиноға 507 миллион теңге тіккен

02.11.2022 19:22

Тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр

egemen.kz

Казиноға ақша тігіп, 507 миллион теңгеге ұтылған шенеуніктер тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі олардың бұл әрекеті расталса, қатаң жаза қолданылатынын мәлімдеді. Айта кетейін, 19 қазанда Алматы облысындағы казинода мемлекеттік қызметкерлердің 507 миллион теңге ұтқызғаны туралы ақпарат тараған еді. Облыс прокуратурасының мәліметінше, түрлі өңірден 305 шенеунік мемлекеттік қызметте жүргенде ойынханаларға барып, ақша тіккен. Тергеу жұмыстары қазіргі қызметкерлерге ғана емес, бұрын жұмыс істеп кеткен мамандарға да қатысты жүргізіліп жатыр.