Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

11.07.2023 19:25

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрайды

Фото: Владимир Третьяков

Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қаражат жымқыру 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, Қазақстанның ішінде де жасалған. Оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындары асыра көрсетілген. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты дирекция басшылығы алып отырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрайды.

– Сонымен бірге, ҚММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. ҚММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.