6 жылға бас бостандығынан айырылды
Шымкентте 1 жастағы баласын миллион теңгеге сатқан тұрғын сотталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті Есеноваға өзінің кәмелетке толмаған баласын 1 миллион теңгеге сату барысында ұсталды. Жауап алу барысында ол өзінің іc-әрекетін ақша тапшылығына қатысты сатып жатқанын айтып, өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс-әрекеті үшін өкінді», – деді қалалық ПД тергеу басқармасының тергеушісі Бекжан Қыдырбаев.
Бұл биылғы жылдың қаңтарында болға оқиға. Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізу барысында 1993 жылғы азаматшаны полицияға жеткізген болатын. Ол өзінің кәмелет жасқа толмаған туған баласын жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұсталған.