Күдіктілер өз кінәсін мойындады, тергеу амалдары жалғасып жатыр
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша «Ғылым Ордасы» ШЖҚ РМК бас директоры мен сол мекеменің бас экономисін әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Олар тиісті шартсыз мемлекеттік үй-жайларды жалға бергені үшін азаматтардан жүйелі түрде ақшалай сыйақылар алуда күдікке ілінді. Күдікті директор ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Күдіктілер өз кінәсін мойындады, тергеу амалдары жалғасып жатыр.