Тінту барысында одан 2,5 миллион теңге мен құжат табылды
Түркістан облысында шетелдіктерге заңсыз көші-қон қызметін ұйымдастырып келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңбұзушы көлеңкелі жұмысы үшін сыйақысын алып жатқан жерден қолға түсті. Тексеру кезінде оның үйінен Қазақстанда болу мерзімі өтіп кеткен Өзбекстан Республикасының 30 азаматы анықталды. Күдікті оларды шекарадан кедергісіз өткізуге уәде етіп, қомақты қаражат cұрапты. Тінту барысында одан 2,5 миллион теңге мен құжат табылды.
– Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда, – деді Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.
Оқи отырыңыз: Ерлі-зайыптылар қазақстандықтарды 1,5 миллиард теңгеге алдап кетті