Ер азаматтың қалай және қандай жағдайда қаза тапқаны әзірге белгісіз
Алматыда Терренкур су қоймасынан ер адамның денесі табылды. Мәйітті сол маңайда демалып жүрген тұрғындар байқап, видеоға түсірген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, көпті дүрліктірді. Ер азаматтың қалай және қандай жағдайда қаза тапқаны әзірге белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, марқұм суға батып кеткен. Қазір қалалық полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Аталмыш дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында тергеу жүріп жатыр. Бұл азаматтың жеке басы анықталды. Ол 1963 жылы туылған ер адам. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.