Қостанай облысында заңсыз криптовалюта айырбастау пунктері анықталды

25.01.2023 19:31

Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр

Иллюстративное фото Almaty.tv

Қостанай облысында заңсыз жұмыс істеген бірнеше криптовалюта айырбастау пунктері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарына сай, 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілген. Нәтижесінде ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар табылған. Бұл крипто айырбастау пункттері Астана халықаралық қаржы орталығынан тыс заңсыз жұмыс істеген екен.

«Финанс платформасында 2 криптоәмиянда 6 мың АҚШ доллар көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржада орналасқан 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Өзге де ақпарат жария етілмейді», – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.