Шымкентте ескерту жасаған полициейлерді сабап кетті

30.12.2020 19:31

Тәртіп сақшылары көшеде тұрған жігіттерге қоғамдық тәртіпті сақтау туралы ескерткен

Almaty.tv

Шымкентте аулалардың бірінде топырлап тұрған топқа ескерту жасаған полициейлерді сабап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшылары көшеде тұрған жігіттерге қоғамдық тәртіпті сақтау туралы ескерткен. Ал, олар ескертуге құлақ аспай, керісінше балағаттай жөнелген. Кейінен аяусыз соққының астына алған. Тіпті біреуі тәртіп сақшысын тырп еткізбей ұстап тұрып, қалғандары жабылып ұрған көрінеді.

«Қазіргі таңда Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-мен ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес 3 күдікті ұсталып уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті тергеу амалдары жалғасуда», – деді қалалық ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары Мәди Рысбек.