Жетісу облысындағы балабақшаларда ішек таяқшасы табылды

19.07.2024 00:58

Істі болған азаматтар балалармен етене жақын жұмыс істеп келген

Almaty.tv

Жетісу облысының Ақсу ауданына қарасты 8 балабақшада ішек таяқшалары табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарқан ауданы мен Текелі қаласындағы бірнеше мектепке дейінгі мекеменің әкімшілігі де мерзімі өткен санитарлық құжатпен жұмысын жалғастыра берген.

Прокурорлардың айтуынша, өңір балабақшаларында былық көп. Кербұлақ ауданының балабақшаларында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Аса ауыр қылмыс жасап, істі болған азаматтар балалармен етене жақын жұмыс істеп келген.

Айта кетейік, құзырлы орган Жетісудағы мектепке дейінгі мекемелерден 200-ден аса заңбұзушылықты анықтаған.

– Жетісу облысындағы балабақшаларда бұрын істі болған 11 адам анықталып, жұмыстан шығарылды. Кербұлақ ауданында балабақшада 25 млн теңгеден аса қаражатты жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жіргізілуде, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Айдар Шабдаров.  

Оқи отырыңыз: Артық салмақ: халықтың 41 пайызы семіздікке шалдыққан